Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау - құттықтау

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау

Әлемнің беделді сарапшы-ғалымдары, ірі саясаткерлері мен экономистері Қазақстан халқын Тұңғыш Президент күнімен құттықтауда.  Халықаралық сарапшылардың айтуынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірінші кезекте, халықтың қамын ойлайтын қайраткер. Инго Карл-Франц БЕТЦ, ГЕРМАНИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОНСУЛЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:  - Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекет және оның халқы үшін зор жауапкершілік артылған. Үнемі халықтың қамын ойлайтын Мемлекет басшысына қайрат-жігер тілеймін. Қазақ экономикасы өркендеп, білімі мен ғылыми дами берсін. Өз тарапымнан Қазақстан мен неміс кәсіпкерлігінің ынтымақтастығы артуы үшін қолғабыс етуге дайынмын. Тұңғыш Президент күні құтты болсын!  Тэцуджи ТАНАКА,ЖАПОНИЯНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН КАВКАЗ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:  - Басшының қызметін халық бағалағанға не жетсін. Барлық қазақ халқын Тұңғыш Президент күнімен құттықтағым келеді. Нұрсұлтан Назарбаев басқарған Қазақстан биік белестерді бағындырды, экономикалық көрсеткіші, жан басына шаққандағы Ішкі Жалпы Өнімі артып келеді. Қазақстан халқы мен Президентке тек жақсылық тілейміз.  СТЕПАН МЕСИЧ, ХОРВАТИЯНЫҢ ЭКС-ПРЕЗИДЕНТІ:  - Хорват халқыма не тілеген болсам, қазақ еліне де ниетім сондай түзу. Экономикалық өсім, зайырлылық, адам құқықтарын сақтаған ел болып, өсіп, өрлей беріңіздер. Қазақ халқы әлем елдеріне үлгі болсын, Тұңғыш Президент күні құтты болсын!  Вадим АВАНЕСОВ, «ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ИЗМЕРЕНИЯ» ЖУРНАЛЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ, ПРОФЕССОР, РЕСЕЙ: - Қазақстанды Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын. Бұл - көрнекті тұлғаның мерекесі. Мұндай аса беделді көшбасшылар қазір арамызда аз. Мен соғыс ардагерімен әңгімелескенімде: «Қазақстан халқы басшысымен бақытты» дегені бар. Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның қуатты мемлекет болып қалыптасуы үшін қыруар іс атқарды, әсіресе адам капиталының жақсаруы үшін жасаған істері орасан. Барлық атқарылған шараларды бүгін анық көруге болады. 
[url=http://][/url][url=http://][/url]

Ресми мерекелерге » ҚР Тұңғыш Президенті күні »