Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау - құттықтау

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау

Қарағанды облысы әкімінің құттықтауы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен!!!
Құрметті облыс тұрғындары!
Бүгін біз барлық қазақстандықтармен бірге ерекше мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз. Бұл мереке жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша еңбегіне құрмет ретінде белгіленді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан басшылығына қиын кезеңде келді. Алайда Мемлекет басшысының кемеңгерлігі мен саяси ерік-жігері қиындықтарды жеңіп, елімізді экономикалық дамытудың келешектегі стратегиясын дайындап, қиын реформаларды іске асыра алды. Бүгінде бұл стратегияны бүкіл әлем жаңғыртудың қазақстандық үлгісі, дамудың қазақстандық жолы ретінде танып отыр.
Еңбек құндылығы мен жасампаздықты бекіте түсуге бағытталған маңызды бағдарламалық құжат ретінде Президенттің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласын айтуға болады. Онда айтылған Президенттің идеясы Отанымыздың байлығын адал еңбегімен еселеп жатқан металлургтерге, шахтерлерге, ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне, мұғалімдерге және барша еңбек адамдарының жанына жақын әрі түсінікті.
Біздің еліміздің Президенті тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстары, әлемдік масштабтағы сарабдал саясаткер ретінде, өзінің халқына және Отанына барлық өмірін арнаған адам ретінде тарихта қалатын болады.
Осы жылдар ішінде Қазақстан өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында әлемдік бағытта келе жатыр. Қоғамдық саяси өмірдегі біздің табыстарымыз бен жетістіктеріміз мемлекетімізді әлемдік қауымдастықтың мойындауына мүмкіндік туғызып, өзінің лайықты орнын алды.
Біздің еліміздің және оның Президентінің халықаралық беделін Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, осы ұйымға қатысушылардың Астанада өткен Саммитін айтуға болады. Еліміздің және оның Президентінің жетістігі ретінде Қазақстанның БҰҰ-ның адам құқы жөніндегі кеңесіне сайлануын да мысал ретінде келтіруге болады. Ал, жақында ғана біздің астанамыз әлемдегі ең ірі ЭКСПО – 2017 көрмесін өткізетін орынға айналды.
Еліміздің осындай ерен табыстарына қуана отырып, біздер тәуелсіздік жылдары Қазақстанның қол жеткізген жеңістері Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен атқарылғанын сезінеміз.
Біздің облыстың тұрғындары басқа қазақстандықтар тәрізді елімізде осындай Президент бар екенін, ол өзінің ашықтығымен, шыншылдығымен, халық алдындағы және тарих алдындағы жоғары жауапкершілігімен ерекшеленетіндігін мақтаныш тұтады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі және саяси өмір жолы басталған Қарағанды облысының барлық тұрғындары, кеншілер мен металлургтер, басқа да кәсіп өкілдері Елбасына біздің аймағымызға үнемі назар аударып, қамқорлық білдіргені үшін әрдайым риза. Сонымен қатар мұндай қамқорлық біздерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сол себепті біздің облысымыз Мемлекет басшысының экономикалық және саяси тірегі болып қала береді.
Қымбатты достар!
1991 жылдың желтоқсанында Қазақстан халқы өзінің кемеңгер таңдауын жасады, уақыт бұл таңдаудың дұрыстығын көрсетті. Бүгінде біздер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен Қазақстан экономикалық гүлденген, демократиялық және әлеуметтік мемлекет болып қалыптасты деп толық сеніммен айта аламыз.
Сіздерді Тұңғыш Президент күні мерекесі шын жүректен құттықтаймыз!
Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасасын!
Еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жасасын!
[url=http://][/url]

Ресми мерекелерге » ҚР Тұңғыш Президенті күні »