70 жасқа тілек - құттықтау

70 жасқа тілек

70 жасқа
Жақсылардың шапағаты жетелейді,
Өмір – мұхит, ал, оларды – кеме дейді.
Жол көрсетіп, дұрыс істі мақтан тұтса,
Онша-мұнша қателерді елемейді.
 
Ізгілікті қамтып алған теңіздейін,
Жақсыларды пана тұтып мен іздейін.
Мөлдір сезім жолын ашса жүрегіме,
Үмітімді ағалардан мен үзбейін.
Сізді, аға ойласам – мен шаттанам,
Тербеледі толқындай боп бақ талабым.
Жүрегімнің түкпірінде оянады
Жетпістегі сізге арнап жатқан әнім.
 
Шүкір деймін өзіңіздей жан барына,
Жақсылықты тілеймін мен жалбарына.
Сіз секілді аға болса – біздей іні
Алаңдамай қарайды ғой алдарына.


Сыр шертіп заман мен
Көктем жайлы, қыс жайлы
Жетпісіне жеткендер жұртына жол нұсқайды.
Саясына мың түрлі құстар ұя салатын,
Жапандағы ғажайып бәйтерекке ұқсайды.
 
Менің ағам осындай бүгін алып бәйтерек,
Тұрған шағы саралап
өткен жолын қайта кеп.
Жиырма бес пен қырықтың арасында жоғалған,
Қайран жігіт күндері жіберетін жайпап от!
 
Аға жайлы тарихты ары тағы жалғасақ,
Ұл мен қызы кетті алыс әрбірі әсем арна сап.
Немере мен шөбере сүйген бүгін жайы бар
Қаратауды қақ жарар ұрпақтары – мол жасақ!
 
Шақырғаны осында – ауыл-елі-аймағы,
Қазақтардың бетке ұстар бағланы мен қаймағы.
Желкесіне жетпістің жеткерді Алла, шүкір деп
Құтты болсын,еліне ақ дастархан жайғаны!



Туған күнге тілектер » Аталық (61-73) »