Ер-азаматтарға арналған өлеңдер - құттықтау
Ер-азаматтарға арналған өлеңдер
Еркектің өзі-бір әлем(әзіл) Болмады да тағдыр жолы өтімді, Талай ару әлденеге өкінді. Жігіт деген экспресс заулаған, Ал арулар аялдама секілді. Жігіт-жампоз,сол ғой оның әлемі, Бекеттерге ат шалдырып келеді. Заулар дейсің қанша жерге бұл пойыз? Тоқтайтұғын соңғы бекет-әйелі. Бойжеткеннен арман толы күйді ұқтым, Жансын оты жанында әсем сүйріктің. Мүмкін соңғы аялдамасы сен шығар? Келе жатқан тағы да бір жүйріктің.Ойым қалып ортасында көкпардың, Сұрақ беріп сыр тартуға оқталдым. "Неге тұрмыс құрмай жүрсің?"-деп едім, "Бір жігітке-он қыздан ғой"-деп қалдың. Үйлену ме-ол жарыңды ұға алу, Айтылған сөз,берген сертте тұра алу. Жалғыз жігіт ортасында он қыздың, Тоғызы қалып,қағып кетер бір ару. Қыз тағдыры жіңішке ме,алдың сын, Ұмтыл да алға,тоғызды артқа қалдыр шын. Толқын-толқын қайталанар бұл сайыс, Ендігі ондық бақытыңды жандырсын!
Бойыңда сезім жатса егер, Ақылмен оны ұғар ең. Бабы мен тілін тапса егер, Еркектің өзі-бір әлем. Еркектің білсең сыр-мұңын, Намыс бар онда маздаған. Өткізуге олар шындығын, Өтірік қосар аздаған. Десе де кейде:"Әрі жүр", Жынданып бір сәт еркекке. Әйелдер үшін бәрібір, Еркексіз өмір-ертек пе?
Әрге бөлер әлемнің, Болсын қызық ой кеші. "Әй"-дейтұғын әйелдің, Еркек деген-еркесі. Төркін жағың мықты ма? Болғын мейлі сен-текті. Өз үйіне құт мына, Аялай біл еркекті. Ұға білсең тек мұны, Болсын десең-үйің гүл. Қиын емес-шет тілі, Еркек тілі-қиын тіл. Дейсің бе өмір-бір ертек, Кім де болса күнелтед. Керек бірақ,қайтесің, Бір-бір үйге-бір еркек.
Қызық бар ма ақ отауға бақыт нұры енбесе, Үйленудің қажеті не-үйлеспесе,сенбесе. Әйел деген-музыкант,еркек деген-күйсандық, Қақпағына шаң қонбасын таза ұста ендеше. Кінәлы екен нәзік саусақ күйсандыққа қонбаса, До,ре,ми,фа,соль,ля,си-ді дұрыс ұстай алмаса. Бәрі бір ғой еркектердің,дауысына қарай тек, Бас,баритон,тенор болып бөлінгені болмаса. Еркектердің әуендерін бірте-бірте ұғарсың, Қайткенменен сенің өзің соған мәңгі сыңарсың. Барылдай ма,барқырай ма,шарылдай ма күйеуің, Сен ендеше пернелерді дәл баспаған шығарсың. авторы:Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы
Ер-азаматтарды құттықтау » Соңғы қосылған дүниелер »