Соғысты көрген тағдырлар\қосқан Ғабиден Қызылордадан\ - құттықтау
Соғысты көрген тағдырлар\қосқан Ғабиден Қызылордадан\
Соғысты көрген тағдырлар Қиындық кезең сындары, Ерліктің отын маздаттың. Соғыстың сұрапыл жылдары, Тағдыры талай боздақтың. Аттанып ердің дүрмегі, Отан деп келді сөз басы. Соғыстың күңгірт күндері, Жесірдің ащы көз жасы. Алыстап жылдар барады, Білініп уақыт бағасы. Соғыстың зарлы заманы, Жетімнің қайғы-наласы. Ерлікке толып өткені, Ұмтылмай тұрды ер ісі. Соғыстың соңғы көктемі, Солдаттың асқақ Жеңісі. Жақыны қамығып ойланған, Тағдыры солай болса бір. Оралмай қалып майданнан, Хабарсыз кетті қаншама ұл. Тарихты білер Далам бар, Кетсе де ұрпақ алға тым. Еске алар бір күн адамдар, Соғыстың соңғы солдатын. Оларға ешбір сын тақпа, Жүргенің жөн-ау ескеріп. Айтпайды сосын ұрпаққа, Олардай ешкім естелік. Аңғалдау адам-пендеге, Мұрағат ізін сақтайды. Қартандау бірақ кеудеде, Медальдар сыңғыр қақпайды. Өссе де ұрпақ тербеле, Демейік өткен солғындар. Ұмтылмай жатсын кеудеде, Соғысты көрген тағдырлар. Сұрапыл жылды ұғасың, Тарихтың білсең сан қырын. Соғыстың соңғы куәсін, Құрметтеп,ұрпақ,қал бүгін! авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласыЖеңіс күні » Өлең - сөздің патшасы » Тәрбие сағаттарына материалдар » Соңғы қосылған дүниелер »