80 жасқа тілек - құттықтау

80 жасқа тілек

80 жастағы апаға тілегіміз
80 жасқа
          Сексеннің сеңгіріне секірген апамызға дүниедегі бар жақсылықты тілегіміз келеді. Амандық болсын, жамандық болмасын! Арамызда аман-есен жүре беріңіз! Немере-шөберелеріңіздің есейгенін көріп, олардың үйлену тойларына қатысып, төрінде дәл қазіргідей қуанып отыра беріңіз! Гүлдей жайнап жүз жасаңыз, апа!


Қиясына өмірдің өрлеп көрді,
Ел-жұрты үшін ерінбей еңбектенді.
Ортамызда ақылшы Алма апамыз,
Сеңгіріне сексеннің сергек келді.
 
Еркелетіп немере, шөберсін,
Кәрілікті апамыз елемесін.
Үрім-бұтақ, ұрпағы құттықтаймыз,
Тіршіліктің қызығын көре берсін.

Туған күнге тілектер » Қарттық (73-тен кейін) »