Конституция күніне арналған құттықтау тілек - құттықтау

Конституция күніне арналған құттықтау тілек

Қымбатты отандастар!
Сіздерді Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздің Ата Заңы жаңа Қа­зақ­стан жетістіктерінің бе­рік ке­пі­ліне айналды. Тиімді құ­қық­­­тық жүйені орнықтыру ар­қы­лы біз экономикалық өсімге жә­­не қоғамның әл-ауқатының ар­туы­на қол жеткізіп, елімізде тұрақ­тылықты, бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық.
Әкімшілік және құқықтық реформалар, жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту, әлеуметтік жаң­ғырту – мұның бәрі берік конс­ти­туциялық негізде жүзеге асы­рылуда және халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі ұлғайтуға бағыт­талған. Біздің сыртқы саясат­тағы жүйелі бастамаларымыз Қазақстанның халықаралық беделінің ұдайы өсуін қамтамасыз етуде.
Биыл еліміз 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясында көзделген мақсаттарды іске асыруға кірісті. Соның ең бас­тысы – Қазақстанның әлемдегі ең да­мы­ған 30 мемлекеттің қа­та­­ры­­на енуі. Стратегияның бар­лық мақсаттарына қол жеткізу қа­зақ­стандықтардың бірлігі мен Кон­сти­туция қағидаларын мүл­тіксіз орындау негізінде ғана мүмкін болмақ.
Ата Заңның қағидаттары мен нормаларын ұстану, консти­ту­ция­лық құндылықтарды қорғау – әрбір азаматтың құрметті парызы және қасиетті міндеті.
Барша қазақстандықтарға игі­лік пен бақ-береке тілеймін! Біз­дің Отанымыз – Қазақстан Рес­пуб­ликасы нығайып, дами берсін!
Осыдан 18 жыл бұрын Қазақстан халқы тарихи таңдау жасап, бүкілхалықтық референдумда еліміздің Конституциясын қабылдады.
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Ынтымағы жарасқан Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіладамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды.
Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның сенімді кепілі бола тұра, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, құқықтық мемлекет құрудың бағытын берік ұстанды. Осы қағиданы басшылыққа алған сот қауымы сот реформасының жетістігі – оның қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әлемдік, демократиялық стандарттарына жақындай түсуіне және халық сенімін ақтау үшін қалтқысыз қызмет етеді.
Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін!
 Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Жоғарғы Сот Төрағасы
Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын!  Негізгі Заңның қабылдануы – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі. Конституция мемлекеттік егемендігімізді, билік пен қоғам құрылымының демократиялық қағидаттарын нығайтып қана қоймай, еліміздің одан әрі дамуының бағытын айқындап берді.  
   Тұңғыш Президентіміз - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жерінде өмір сүріп жатқан барлық азаматтардың теңдігі – Отанымыздың дамуы мен гүлденуінің басты қайнары»,- деп айрықша атап көрсетті.  Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген конституциялық нормалар бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Негізгі Заңның қағидаттарына сүйене отырып, Қазақстанның тұрақты дамуына жағдай жасаймыз, азаматтардың әл-ауқатының жақсаруын қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Елбасы біздің алдымызға, ең алдымен, индустриалық-инновациялық дамуға және жаңа әлеуметтік саясатты баянды етуге бағытталған ауқымды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі аса маңызды міндеттерді қойып отыр. Біздің Солтүстік Қазақстан облысының әлеуеті зор және ең батыл жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға қабілетті. Солтүстікқазақстандықтар өз болашағына сеніммен қарайды, өйткені Ата Заңымыз кемел келешегіміздің кепілі.
   Конституциямыздың мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сондай-ақ жеке өзіміз, отбасымыз бен балаларымыз үшін маңыздылығын әрқайсымыздың жете бағалауымыз қажет. Сондықтан әрбір азамат конституциялық құқықтарын біліп, сол заңдарды ұстануы керек.
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
   Тәуелсіздік жылдарында біздің Конституциямыз өзінің кемелділігін дәлелдеді. Еліміздің Негізгі Заңы бұрынғысынша егемен Қазақстан дамуының басты шарты болып қала береді. Конституция талаптарының орындалуы – мемлекет дамуы мен қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, амандық-саулық, молшылық, ашық аспан мен Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуін тілеймін!


 


Ресми мерекелерге » Конституция күні »