1 қазан - қарттар күніне арналған құттықтау тілек - құттықтау

1 қазан - қарттар күніне арналған құттықтау тілек

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.
 
Қарттың жауап сөзі:
Сіз қыруар жұмысқа қарамастан, үлкендерді сыйлау мен құрметтеуге әрдайым уақыт тауып жатасыз. Ол үшін өз атымнан, ақсақалдар атынан мың алғыс. Сізді өз басым жүрегі үлкен, парасат-пайымы кең азамат ретінде өте құрметтеймін. Жеке басыма қиындық түскен сәтте, қолтығымнан көтеріп, демеу болдыңыз. Інілік ізеттілігіңізді таныттыңыз. Ол үшін айтар алғысым шексіз. Еңбегіңізге табыс тілеймін. Еліміздің мәртебесі биіктеп, ел-жұртымыздың береке-бірлігі таси берсін

Мерекелік күнтізбе » Түрлі құттықтаулар »