Ұстаздарға тілек - құттықтау

Ұстаздарға тілек

           Ұстаздар күні - бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған, сондықтан болар осы абыройлы міндетті атқарып жүргендерді халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем болар.
           "Ұстаз" сөзінің өзі "Отан", "Ар", "Адамгершілік" сияқты қасиетті ұғымдардың қатарынан орын тебуінің өзінде үлкен мән жатыр.
           Қазақстанның алдында бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көріну міндеті тұр. Бұл өз кезегінде ұстаздардың мойнына екі есе жауапкершілік жүктейді. Себебі, ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда, құрметті ұстаздар! Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана шеше алады. Сіздердің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін! "Ұстаз бақыты - озып туған шәкірті" десе, аттарыңызды Ай-әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін!


         Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз.


                  Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздың өмірі қиындық пен қуанышқа толы.


         Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.


         Ұстаз деген ұғым бар, мына дүниеде. Ілмейтінді ілдіретін, білмейтінді білдіретін. Санаға ақыл ұялататын, арманды алдан қиялататын. Өмірді ұғынуыңа себеп болатын, тірлікке кіруіңе көмек болатын. Әр кезде аялайтын, дәрісті аямайтын. Бықсытпайтын, жандыратын. Тұлғалық табиғатын мәңгілік қалдыратын. Ұғымы ұшар биікпен пара-пар ұстаздың бірінен біздер де тәлім алдық.


         Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар!



Мұғалімдер күні » Соңғы қосылған дүниелер »