Қоныс той тілегі Тамада кітабынан - құттықтау

Қоныс той тілегі Тамада кітабынан

Өрісің кеңіп үй болдың,
Ие боп жаңа пәтерге.
Құлпырып тұр ғой көңілің,
Жуылғандай ақ нөсерге.
 
Шаттана ұстап кілтіңді,
Шалқайдың, досым, шат күліп.
Ұмыт боп күндер былтырғы,
Жұлдыз боп жанды тәтті үміт.
 
Көңіліңе күй күмбірі,
Жарың да жайраң қағады.
Түзелер енді тірлігің,
Қуанттың бала-шағаны.
 
Баспана болмай күйде жоқ,
Қажытар кісі есігі.
Дос-жаран тұрсын үйге кеп,
Тербетіп шаттық бесігін.
 
Көңілін тапқын көршінің,
Туыстай болар жұптассаң.
Қанатты қаққын серпіліп,
Еркің бар енді бассаң.
 
Өркендей берсін өренің,
Естіліп «іңгә» - әсем үн.
Кеңісін керегелерің,
Құт әкеп жаңа пәтерің!
 

Қоныс той » Соңғы қосылған дүниелер »