Елу - ердің жасы /жыр-тілектер топтамасы - құттықтау
Елу - ердің жасы /жыр-тілектер топтамасы
50 жасҚызмет етіп, жан аға, елге күнде,
Еңбегіңмен биікке өрледің бе.
Зор денсаулық, мол бақыт тілейміз біз
Ердің жасы - елуге келгеніңде.
Зымырандай зуылдап барады күн,
Көңіліңнің қалауын табады інің.
Елу жаста болыңыз ел ағасы,
Бойға жиған бабалар даналығын.
Елуге келіп елге білінгенің,
Ақсақалдық атқа осы ілінгенің.
Қалың елің қаумалап келіп отыр,
Тойларың тойға ұлассын, інім менің!...
Елу – деген жүздің нағыз жартысы,
Елу деген – даналық қой, ол анық!
Оған жетсе елжірейді әр кісі.
Құттықтайды бар ағайын қол алып.
Ұрпағыңыз жүрсін дейміз
аяқ жаққа оралып,
Қуаныштың қамқасына жүріңізші оранып!
Елу жас - ердің жасы
Артта қалды бес асу мен бес белең,
Өрге тартып барады өмір-көш деген.
Елу деген – ердің жасы қызулы,
Жастық шақтың соңғы оттары өшпеген.
Дуылдатып дулы ортаның дүрмегін,
Бір ғанибет жарқ-жұрқ етіп жүргенің.
Елу деген – ердің жасы ең кемел,
Арысым деп арқаланар нұрлы елің.
Жұлдыз жанып, пейіліңе таң күліп,
Күз де жетті сыбаға алып, сән құрып.
Қалпыңыздан айнымаңыз – шат көңіл,
Басыңыздан бақ кетпесін мәңгілік.
Елу деген – ердің жасы еңселі,
Елу деген – парасаттың өлшемі.
Жарқылдасаң самғап ұшқан сұңқардай,
Азамат деп мақтан тұтар ел сені.
Тірлік – теңіз, ес елудің ескегін,
Әнге толсын, күйге толсын кештерің,
Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,
Қол соғады барша әріптестерің.
Елу деген толы той мен думанға,
Тау секілді көрінеді тұлғаң да.
Құшақ-құшақ гүлін алып келіпті,
Ақ көңілмен бауыр, туыс-туған да.
Елу деген - ес тоқтату, есею,
Елу деген – елдің жүгін көтеру.
Туған күнмен құттықтаймыз өзіңді,
Қанжығаңа ілінсін деп қос елу.
Парасат (49-61) » Соңғы қосылған дүниелер »