Әзілхан Нұршайықовтың Өскемендегі жарма ауданы күндерін ашу салтанатында сөйлеген сөзі - құттықтау

Әзілхан Нұршайықовтың Өскемендегі жарма ауданы күндерін ашу салтанатында сөйлеген сөзі

Сіздерді қымбатты жерлестерім, жаңа басшыларыңызбен, ал, жаңа басшыны жаңа қызметімен шын жүректен құттықтаймын. Ол облыс еліне құт болсын. Алтай, Тарбағатай, Шыңғыстау, Қалбатау жері жаңа басшыға құтты қоныс болсын!
Сөйтті де қаламгер аға ақ бата берді. Қазақстан картасындағы жер аман болсын! Ол жерді мекендеген ел аман болсын!  Ол елдің негізін құрап отырған қазақтар аман болсын! Қазақтармен бірге қоян-қолтық өмір сүріп жатқан қоңсылар аман болсын!
Қазақтарды да, қоңсыларды да көбейтіп, көркейтіп, өсіріп, өркендетіп отырған аналар аман болсын!
Қазақ халқын ұлт санатында сақтап келе жатқан ана тіліміз аман болсын! Қазақ халқының алтын бесігі – ауылымыз аман болсын!.. Әумин!

Түрлі тойларға » Қызметке байланысты »