әзіл тілек - құттықтау

әзіл тілек

Той үстінде жас жұбайлардың біріне арналып айтылады:
Құрметті...........!  Тойдың болғанынан боладысы қызық демекші, өзім тойға дайындалып, шашты күзеп, бойды түзеп, шалбардың қырын сымдай, көйлекті тегіс жымдай жатсам, атын атамай-ақ қояйын, біреу келіп, «мына хатты тойда оқып берші», - деп қиылып тұрып алды. Уәде берген соң, оқымасқа амал жоқ:
Қымбатты ..........! Жанымнан жақын көрген жүрегімнің жартысы өзің едің! Енді міне сен де мені қиып, басқа жанмен отау құрып жатырсың. Қалайша ғана ұмыттың, естен кетпес талай айлы түндерді екеуміз бірге өткізіп едік қой. Сонда сен мені, мен сені қимай, арман құшағына терең бойлап, талай арайлы таңдарды қарсы алған едік. Жұбымыз жазылмаған кездерімізді еске алсам, қаяулы көңілім қарс айырылады. ....., өзің айтшы, қалай мені басқаға айырбастап кеттің? Өзіңмен қоштасу атты тойыңа келе алмасам да, хатымды жолдап отырмын. Тым құрығанда анда-санда еске алып отырарсың. Тағы не жазайын, мен сенің жүрегіңде мәңгі орын теуіп қалмасымды біле тұрсам да, бірге өткізген жалынды жастығымыз, уылжыған бал түндеріміз бен шуақты күндеріміз сенің есіңде мәңгіге жаңғырып қалатындығына кәміл сенуші өзіңнің сүйікті /біраз үнсіздік/ бойдақ кездерің!
 


 
 
 
 
 

Дәстүрлі тойларға » Үйлену тойы »