Сауыққанға тілек - құттықтау
Сауыққанға тілек
Бажа, балдыз, күйеулер, туыстарымБақытты бол келешекте осы бәрің.
Дәм татсын деп бәріңді шақырып ем,
Жуайын деп жұбайымның жазылғанын.
Жанашырым жалғыз ұл, сүйген жарым,
Кім ойлаған бұлай боп ауырарын.
Жаның қалмай бәрің де жүгірдіңдер,
Осы отырған туыстар барлықтарың.
Ал айтарым тыңдасаң саған, жарым,
Ең керегі адамға зор денсаулық.
Жалғызыңның қызығын көрем десең
Алаңдамай еш нәрсеге жаныңды күт.
Дәстүрлі тойларға » Той иесінің сөзі »