Кемел Кеніш Құдалық тілектері - құттықтау
Кемел Кеніш Құдалық тілектері
Құдай қосып құда болдық!Құдалар келді!
Қарсы алып жүгір, ағайын
Гүл менен биге ораңдар бүкіл маңайын!
Алдынан шықсын Аталар мен аналар,
Ақ қырау шалған самайын!
Күмбірлеп күй мен жаңғырып жаңа ән ойналсын,
Отыз күн ойын,
Қырық күн тойың тойлансын!
Жайылып жастық, иіліп төсек болайық,
Құдалар Аты байлансын!
Құтты да болсын,
қарсы алған құдаң гүлдермен,
жандар деп жатыр тәрбие көрген, үлгі өрген.
Асауды – ноқта,
Құданы құдай қосады,
Баянды болсын қызықтарыңыз бұл көрген.
Баянды болсын,
Бақ болып келсін келінің,
Арқалап келген бір елдің ұят, сенімін.
Ұлағатты жермен
ұластырсам деуші ең ұлымды,
түсті ме, көке, орнына бүгін көңілің.
Жаңбыр жауар бұлт келгенде түйіліп,
Сөйлейді ақын бір Аллаға сыйынып.
Сенің-дағы келіп отыр тойыңа,
Алты Алаш ел – алыс-жақын жиылып!
Тоймен бірге жасап жатсын құдалық,
Тұңғыш ұлға түсіпті ару-бұғалық.
«Көп тілегі көл болады» деген бар,
Жас келінің дана тусын бір алып!
Қош келдің құдай қосқан құдаларым,
Төрімде не десең де құп аламын.
Бір жүріп, бірге тұрып қызықтайық
Өмірдің енді келген нұр-алабын!
Құдалар өрлеңіздер төрімізге,
Қарап тұр екі рулы ел – бәрі бізге!
Жетейік кәрілікке сыннан өтіп,
Сыйластық қалсын мәңгі өңімізде!
Тәтті үміт болып
болашаққа жалғасқан,
Ерекше екен
алғашқы арман, алғашқы ән.
Құда боп келген –
қадамы құтты ел болсын,
Құдаларымыз
Бақ - өзен болсын арна ашқан.
Үйленіп жатыр,
қырдан да дүрмек, ойдан кеп,
Жақсы жандарға айқара құшақ жайған көп.
Есітіп жатырмыз –
құдалардың бұл түп тегі,
Аймандай ұл-қыз
Тудырған текті Жайдан деп.
Кімдер де болса ел екен етек-жеңі кең,
Қазақ даласын желпінткен алған демімен!
Ұлыларға тән ұнасымды болған құдалық –
Құдай бұйрығы,
Терезе түсті теңімен!
Құрметті құда......., құдағи....!
Таудан аққан тас бұлақтың суы қандай мөлдір,
Қандай таза! Сәт сайын жаңарып жатқан ағын суда мін бар ма? Біз үшін сіздердің жандарыңыз да дәл осындай – сәт сайын жаңарып жататын кірсіз әлем!
Баламыздың көңілі құлапты,қызымыздың жаны ұнатты – екі асыл қосылды! Бақ ауысады, ырыс жұғысады деген, жұрнағымыздың жапырағы жайылып, тамыры тереңдегендей! Сіздерге ұқсаған елдің қамын ойлайтын аптал азаматтар болсын, құдалар!
Екі үкіміз теңін тапты деп менің жүрегім қуаныштан жарылғалы тұр. Тең-теңімен деген емес пе! Осы қуаныш тілегімді «Бәрін сәтімен орайластырған Жаратушы баянды бақыт берсін» деп аяқтағым келеді.
Дәстүрлі тойларға » Құда түсу »