Кемел Кеніш Үйлену тойына тілектер - құттықтау

Кемел Кеніш Үйлену тойына тілектер

Бақыт тойы үйлену....
 
Той жасап жатыр сыйлас, дос адамым,
Жақсы сөз, лебіздерді қош аламын.
Тілейміз биіктігін шаңырақтың,
Тілейміз беріктігін босағаның.
 
Шырқаса шабыттанып ақын бүгін,
«Тойбастар» деп айтайық атын мұның.
Мәңгілік екі жастың бақыты мен,
Тілейік құдалардың татулығын.


Екі бұлақ бір арнаға тоғысты,
Екі жүрек ұғынысты, табысты.
 
Тілейікші аппақ арман – ағысты,
Тұлпарға тән озып шығар шабысты.
 
Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп,
Кел, достарым, жақсы тілек етелік!
 
Үйленгендер – алтын сарай салғандар,
Балалығы естелікке қалғандар!
 
Қалады енді балалық шақ ертек боп,
Кел, достарым, шаттық тойға ортақ боп!
 
Екі жұбай – қатар тұрған періште,
Бірге ұшсын бақ – болашақ - өрісте!


Өмірлері бақытты, әнді болсын,
Өңірлері осындай сәнді болсын!
Достық пен жастық шақ жалын атып,
Ақ махаббат баянды, мәнді болсын!
Халқыңа қалаулы бол,
Еліңе елеулі бол.
Бір баламыз екеу болсын,
Жас жұбайлар одағы бекем болсын.

   
Егіз аққу сияқтанған достарым,
Бастапсыздар жұбайлы өмір – дастанын.
Мықты болсын тіккен ордаң – отауың,
Құтты болсын алғаш түндік ашқаның.
 
Бір ісіңнен  асып түсіп бір ісің,
Шарықтасын құт береке – ырысың.
Мәңгі  болсын,
Мәнді болсын Ұлысың!



Дәстүрлі тойларға » Үйлену тойы »