Күміс тойға тілектер тост тілек пен дос тілек кітабынан - құттықтау

Күміс тойға тілектер тост тілек пен дос тілек кітабынан

   Күміс тойға аман-есен жету үшін ер төзімді темір, зайып мінезі алтын болу шарт екен. Бұл екеуінің бойына да осы екі мінез ұялаған. Дәл осындай қарқынмен, тамаша қасиеттеріңді сарқып алмай, алтын тойларыңа жетулеріңе тілектеспіз!


Құтты болсын күміс той –
Той дегенің ырыс қой.
Алтын жамбы берсем де
Екеуіңе дұрыс қой.
 
Күміс тойдың аяғы
Алтын тойға жалғассын,
Жарқырасын жандарың
Жүзіндей ақ алмастың.
 
Таси берсін дәулетің,
Жарасып сән-сәулетің.
Сыйлы болып бастарың,
Жүзге жетсін жастарың.



Дәстүрлі тойларға » Отау көтерген мерей тойларға »