Қызыма - құттықтау

Қызыма

Қызыма
Суырылып шықтың, қызым, өзегімнен,
Суынып кетпе жырақ өз еліңнен.
Бақытың берген шығар тізгініңді,
Бақытың келген шығар кезегімен.
Тұр міне, ұлы өмірің басталғалы,
Еркіндік, еркелігің тасталғалы.
Көтеріп жас отаудың керегесін,
Бірлесіп жанұяның бастар шағы.
Тілегі ата-анаңның тағың болар,
Батасы ел-жұртыңның бағың болар.
Ойланып ақылыңмен жүрер болсаң,
Құдайым ниетіміз қабыл болар.
Сағаңмен сарапқа түс күнім еркем,
Анаңмен бірге қалсын еркелігің.
Ата-анаңның үмітін ақта жаным,
Барған елде сыйлы бол, бақытты бол!

Қыз ұзату » Өлең - сөздің патшасы » Шығармалар »