Ат ұстарың тіл көзден аман болсын Тамада кітабынан - құттықтау
Ат ұстарың тіл көзден аман болсын Тамада кітабынан
Барша тойдың басы екен шілдехана,Басы айналып бақыттан тұр босаға.
Уілдейді бесікте жас шарана,
Шуылына тірліктің үн қоса ма?
Жүректерді балқытып қорғасындай,
Сәби келді өмірдің жалғасындай.
Кешірімді ата-ана шалқақтаса,
Щалқып жүрсе шаттықтан жолға сыймай.
Жанарына анасы шашып ұшқын,
Өбектейді сәбиін асығып тым.
Қуаныштан әкесі шапқылап жүр
Иісіне мас болып жас-иістің.
Демер ертең қолтықтан ұлымыз кеп,
Жатыр қазір жүректен жылу іздеп.
Бала-тірек, бақытты босағаның,
Жарқырасын сөнбейтін күніміз боп.
Не жетеді сәбидің іңгәсіна,
Толысады ақылы, тұлғасы да.
Ат ұстарың тіл көзден аман болсын,
Әлі-ақ өрлеп шығады шың басына!
Дәстүрлі тойларға » Шілдехана »