Алтын той иелеріне Тамада кітабынан - құттықтау
Алтын той иелеріне Тамада кітабынан
Жақсының көкірегі-жақұт қойма,Көпшілік келді бүгін алтын тойға.
Жұптасқан
Тату-тәтті жарты ғасыр,
Өнеге ап,
Сыйластықтың салтын ойла.
Әлі де Жібек пен Төлегендей,
Көңілді көрікті ойға бөлегендей.
Қоныпты ұл-ұяға,
Қыз-қияға,
Жар болып, Алла өзі жебегендей.
Дәулет пен қонақтапты бақ төріңе,
Куәміз шалқып – тасқан сәттеріңе.
Алтын той,
Сапар шегіп өткен шаққа,
Жолықтырған секілді жас кезіңе.
Өсірдің әдепті қыз, саналы ұлды,
Тек шаттық көнсін шырай ажарыңды.
Елу жыл бір-бірімен шәй деспеген,
Сыйластық сіздердегі болады үлгі.
Отау көтерген мерей тойларға » Соңғы қосылған дүниелер »