Шаттық толы шаңыраққа айналсын Тамада кітабынан - құттықтау

Шаттық толы шаңыраққа айналсын Тамада кітабынан

Әркім іздер тіршіліктен өз бағын,
Қолға қонды
Жұлдыз деп қол созғаның.
Қосағыңмен қоса ағарғын, бауырым,
Махаббатың – маңдайына жазғаның.
 
Сүйген жүрек
Неге болсын шыдайды,
Жан сүйінтер
Жарық қандай шырайлы!
Шайқалмасын жас отаудың іргесі,
Өмір әлі қиындықпен сынайды.
 
Тағдыр қосып,
Табылыпты қосағың,
Әлі-ақ толар жабдығың мен жасауың.
Шаттық толы шаңыраққа айналсын,
Керегесін кеңге жайып отауың.
 

Үйлену тойы » Соңғы қосылған дүниелер »