50-ге толған анаға арналған тілектер топтамасы - құттықтау

50-ге толған анаға арналған тілектер топтамасы

Бір жақсы үлгі көріп әркім сізден,
Теңейді берері көп алтын күзге.
Елу жыл еңсеңізді биік ұстап,
Жүрдіңіз ел алдында жарқын жүзбен.
 
Елу жас - енді өмірдің басталғаны,
Жетіңіз талай шыңға, асқарға әлі!
Қос жанар - қос балаңыз аман болсын,
Сол емес пе ананың басты арманы!


Елуге толған анаға
Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр,
Бір жымисаң кетеді жайнап өңір.
Ризамыз пейіліңе дархан дала,
Айырмасын шаттықтан қайран өмір.
 
Мейірімнің нұры тұнып жанарыңа,
Қарайсың әкеміздің жанарына.
Балаларың бақытқа бөленеді,
Көзіңнен күннің нұры тамады да.
 
Төріңнен күн жоқ қонақ толастаған,
Күй шалқып, отауыңда жарасқан ән.
Ананы қазақ – тәңір санапты ғой,
Өзіңнен бұл фәниде жан аспаған.
 
Анажан, түсір күткен келініңді,
Жоғалтпа ұрпағыңа сеніміңді.
Жүре бер шаңырақтың құты болып,
Аспанға атайын мен бөрігімді.

Парасат (49-61) » Анама » Соңғы қосылған дүниелер »