Тағы да келінге Тамада кітабынан - құттықтау
Тағы да келінге Тамада кітабынан
Бөтен жан жоқ бұл жерде,Қызады думан дүркіреп.
Айтылар үйленгендерге
Айшықты бата, нұр тілек.
Сызылған жібек мінезі,
Көңілін жұрттың ырза ғып.
Табысын тәтті тілегі,
Бақыттан жүзі тұр жанып.
Құтты болсын қадамы,
Ағайынның бәрі мәз.
Ашық екен ажары,
Жайма-шуақ, жаны – жаз.
Періштедей қыз екен,
Құдай берген пейілге.
Тілекке жетік тілеген,
Нұр жаусын аппақ келінге.
Жан екен өзі түсі игі,
Айналдым балапанымнан.
Аялап бақыт құсыңды,
Түсірме алақаныңнан!
Үйлену тойы » Соңғы қосылған дүниелер »