Мерейтойға тілек - құттықтау
Мерейтойға тілек
Тіршілікте мәнді де, сәнді болып қатар жүре беріңдер. Әр күндерің шуаққа толып, жүздеріңнен күлкі кетпесін, жамандық атаулы жетпесін. Сендердің ғұмырларың ұзақ, өмірлерің жұмақ болсын. зор денсаулық, мол қажымас қайрат тілей отырып, мына өлең жолдарын арнаймыз:Жеңгемізбен қол ұстасып жүре берші,
Қызығын балалар мен немерелердің көре берші.
Ағайын, туған-туыс, бауырлардың,
Ортасында ақылшы бола берші.
Қалған біз жақсылардың ұрпағымыз,
Жарылғасын ортамызда ұрпағымыз.
Халқыма жақсылықты тілеймін мен,
Көрмесін қиындықты ұрпағымыз.
Отау көтерген мерей тойларға » Соңғы қосылған дүниелер »