Қыз ұзату Төлебаев Бағдәулет құрастырған "Ақ тілек" кітабынан - құттықтау
Қыз ұзату Төлебаев Бағдәулет құрастырған "Ақ тілек" кітабынан
Апа-қарындастың ұзатылуына кіші бауырларының тілегіҒұмырыңыздың жарқын шақтары мен бақытты сәттері мол
болғай. Өмір Сізді тек жақсылықтар мен қуаныштарға жетелесін. Ибалы келін атанып, сол ауылдың алтын босағасында аман-есен жүре беріңіз.
Болашақтың ақ таңдарын бақытпен қарсы алып, барлық ізгі армандарың орындала берсін. Өмір жолында серіктерің сәттілік, жолдастарың жақсылық болсын.
«Бақыт деген досыңның – қабағында, жарыңның –жанарыңда» дейді. Осындай өмірлік дос болып өтіңіздер.
Жүздеріңізден шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле беріңіздер!
Дәстүрлі тойларға » Қыз ұзату »