Құда түсу - құттықтау
Құда түсу
Жақсы қонақ келсе, құт келеді» - дейді. Ал, көршілер, арқан тартып, шашу шашып, қонақтарды қарсы алайық...Келген қонақтарға арқан тартылып, шашу шашылып дастарқан басына жайғасып отырады.
Осы үйде той болғалы жатыр деп естідік. Құрметті үй иелері сіздің үйде айдай сұлу, нәзік, ажары – көркіне сай қыздарыңызға біздің үйдің бой десе бойы, ой десе ойы бар, білімі жоғары, біздің үйдің сал – сері жігіті сөз салып жүр екен. Сіздерде лашын бар, бізде сұңқар бар. Сол лашынды сұңқарға ілгізгелі келдік. Ата – бабамыздың дәстүрінің негізін сақтай отырып туған – туысымызды, көрші – қолаңымды жинап, сіздің қызыңызға құда түсіп, алдарыңыздан өтуге келдік. Жастар бір- бірін ұнатып, шаңырақ көтеруге бел буыпты, неге бізге осы екі жастың ниетін қолдамасқа. Бізді құп көрсеңіздер құдандалы болайық!
-Құрметті, құдалар! Атамыздан қалған: «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген сөз бар. Алдағы құдалығымыз баянды болсын деп өлтірі әкелдік. Соған батаңызды беріңіз.
"Өлі – тірі" - өлген аруақтарға арнап союға, етін елге үлестіруге арналған мал. Бұл арадағы өлі мен тірінің айтылуы: «Алдағы құдалық баянды болуы үшін екі жақ өлі мен тірінің алдында ант етеді» дегенді ұғындырады. Бұл малды бөгде біреу алады. Өлтірі өтіп болған соң екі жақ бірін – бірі құда дей берулеріне болады.
Ал, құдағи! Орамал тон болмайды, жол болады демекші сіздерге азын – аулақ әкелген сыйымыз бар еді, соны ұсынуға рұқсат етеңіздер» деп, ең бағалы кәдені қыздың әкесіне, содан кейін құдағи, құдашаларға үлестіреді. Содан кейін қазақ халқының салты бойынша қыз балаға болашақ енесі белгі ретінде сырға салады.
Қыз бен күйеу баланың әжелері ақыл-кеңес, өсиет сөздер айтады.
Ал, құлыным, қазақтың «Күтімді болам десең, жаңа отауға түс» деген сөзі бар. Құрғалы отырған отауларыңның шаруасына икемді бол. Оқыс мінез көрсетпе, тазалық сақта, бауырмал бол, сабырлы-салмақты бол, ата-анаңның ел-жұртыңның сенімін ақта, жаманат келтірме. Ол үйде мен сияқты әжең бар. Сол әжеңе сүйкімді келін бол. Ал құдағи, «ырыс алды - қыз» дейді ғой. Біздің қызымыз сіздің үйге тек бақ-береке әкелсін.
Құдағи «Келіннің өнегелі болуы енеден» деп бұрын шешем айтып отыратын. Өзімнің енем сондай бір салмақты, өнегелі, өмірден көрген, түйгені мол адам болатын
Я, Тәңірі-құдірет
Мал-бастарын аман ет.
Бастарына бер бақыт
Асына бер берекет
Өмір-жастарын ұзақ ет
Ұрпақтарын асыл ет!
Көрмей өссін қасірет
Өмірдегі жақсылықты
Дәл осы үйге нәсіп ет!
Құда түсу » Соңғы қосылған дүниелер »