Әкелердің әңгімесі /Құда түсу - құттықтау
Әкелердің әңгімесі /Құда түсу
Құдалықтың ең қызықты сәті – екі әкенің келісуі, өзара ымыраға келуі (ең басты мақсаты). Ұлдың әкесі: ал құда-құдағилар сіздерде қыз, бізде ұл дегендей, осы екі жастың арқасында бәріміз танысып білісіп жатырмыз. Қыз деген жат жұрттық, құдеке қызыңызды жылатпаймын ешуақытта, өте бақытты болады деп сенемін. Енесі өте жақсы адам, біз де қыз беріп, қыз алысқан адамдармыз. Әр ата-ана ұлын емес, қызын ойлайды екен бірінші кезекте “қызым жақсы жерге барса екен, барған жерінде жыламаса екен, аралары жақсы болса екен” деп. Ал енді ата салтымызбен, өз жөн-жоралғымыз, мынау енді қыздың қалың малы (конверт), қасында бір қойы, бір қап қант бар, арамыз тәтті болсын деп ырымдап әкелдік. Разы болыңыздар, құдалығымыз құтты болсын! Қыздың әкесі: Қазақта сөз бар “дүние адамға бітеді” деп, дені сау болса бәрі болады. Орамал тон болмайды, жол болады демекші, бұл енді жолы ғой, аз беріп көп бергенде одан ешкім байып кетпейді. Қыздан алып байып кеткен ешкімді көрген емеспін. Терезеңмен тең дейді, оның бәрі бізге керегі жоқ, екеуі бақытты болса, бізде де асып бара жатқан дүние жоқ, сіздер сияқты момын жандармыз. Екі әке төс қағыстырып, құда болады. Айналасында отырған жиылған жұрт, “құдалық мың жылдық болсын” деп тілектерін білдіріп жатады./Қалдықыздың блогынан/
Құда түсу » Соңғы қосылған дүниелер »