Әпке тілегі /қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан/ - құттықтау
Әпке тілегі /қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан/
Әпке тілегі (өтініш бойынша жазылған) Жетсінші дер ем бауырды мен де баққа мың, Тағдырың саған атқызсын әр кез ақ таңын. Еркелей күлген елігі едің бір үйдің, Сіңілім,сен де босаға бүгін аттадың. Жаныңда енді өмірлік жолдас-қосағың, Үмітпен күттің осынау күннің тосарын. Босаға аттау-артады қызға көп міндет, Сіңілім,соған жауапты қадам жасадың. Бақыттың шоғын сезімдер енді үрлемек, Береке,ырыс есікті қақсын күнде кеп. Бауырлар үшін інінің жөні бір басқа, Алысқа ұзар сіңілдің жөні бір бөлек. Дер едім мен де отауың болсын еңселі, Жұбайлық жолдың сыйластық қана өлшемі. Қыз бала сол ғой-алыстан іздер бақытын, Туған үйінің құп-құйттай ғана бөлшегі. Ұмтылдың баққа,сол жолда тілек-бата алдың, Киесі бар ғой шаңырақ деген отаудың. Құсымыз едің еркелеп жүрген,бір күнде, Ұштың да кеттің,мінеки келін атандың. Шыққызсын тауға қадамың осы жасаған, Бауырың бүтін,болсыншы әр кез дос аман. Шаңырағыңның уығы берік шаншылып, Керегең кең боп,бақытқа толсын босағаң! Естілсін содан тек қана сыңғыр тәтті үн, Болашағыңа жайқалтсын тағдыр бақ гүлін. Жұбайлық жолда ұсынып өмір күлкісін, Жарыңмен бірге сезінші соның шаттығын! Жақсылықтарын сыйлатып өмір тәңірдің, Мінеки,сен де жар болдың,сыйлы ат тағындың. Сол жолда осы-апайың тілер ақ тілек, Сол жолда осы-тілегі барлық бауырдың. Атану келін-сіңіру бойға ар-қылық, Ақ отау жақтан атсыншы әр кез таң күліп. Жұбайлық өмір бақыттың әні екен ғой, Ендеше сол ән үзілмей тұрсын мәңгілік! авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТҚыз ұзату » Үйлену тойы » Соңғы қосылған дүниелер »