әріптестің 55 жасына - құттықтау

әріптестің 55 жасына

 Арманның ажарында, бақыттың базарында күліп-ойнап, көпшіліктің алғысы мен құрметіне бөленіңіз. Мәңгі жастық қалпыңызды сақтап, ұзақ жасай беріңіз.
         Өмірден мол тәжірибе жинақтап, жас мамандарды тәрбиелеп, еңбек жолына бағыт беріп, бізге – ұстаз, ақылшы, көмекші болып отырсыз. Осы қалпыңыздан таймай, асулардан асып, берекеңіз тасып, ата жолынан айнымай, жұбайыңызбен бірге балаларыңыздың қызығын көріңіз.
 
Құтты болсын бүгін туған күніңіз,
Әріптестерге биік тұлға – ұстазсыз.
Қуанамыз өзіңізбен біз бүгін
Шықсын ылғи алдыңыздан ізгі күн.
 
Алғы күннен күтер әркім жақсы үміт,
Келе берсін Сізге ылғи бақ күліп.
Шаттықпенен көріп таңның арайын,
Жаратушы төксін игі жақсылық.
 
55 – мерейлі жас ер үшін,
Еңбегіңіз еселенсін ел үшін.
Әлі талай қызықтарға кенеліп,
Бұл өмірдің көріңіз тек жеңісін.
 


Аралас » Әріптесіме »