махаббат үшін - құттықтау

махаббат үшін

   Бір ғұлама «мына өмірде Махаббаттан тәтті еш нәрсе жоқ, ал кездесе қалған қуаныштың барлығы да екінші орындағы нәрселер» деген екен. Ал «рух – достыққа, ақыл – сыйластыққа, тән – көңілге, осы үшеуінің қосылуы Махаббатқа ықпал етеді» деген де сөз бар. Шынайы  махаббаттың құрбаны болған адам бақытты.
   Өміріңіздің мазмұны, мәні саналатын шынайы МАХАББАТ  ҮШІН!


   Шынайы махаббат күшінің құдіреттілігі сондай – мылқауға тіл бітіріп, соқырға жанар береді, ауруды жазып, өліні тірілтеді.
   Махаббат – ұлы жалғанда ең,
   Теңесер оған кәне, күш!
   Махаббат – асыл арман мен
   Өртену, жану, сағыныш.
   Махаббат – қуға жат мекен,
   Құдірет оның аты да.
   Махаббат - ғажап ақбөкен,
   Айырылып қалсаң қапыда.


   Махаббат айдынында жүзіп жүрген жан тәтті сезім мен қиял құшағында болады. Жабырқауды ұмытып, уайым-қайғы деген өмірде мүлдем жоқ тәрізді сезінеді.
Сол айдында өмірінің соңына дейін жүзе беруді қалап, жағалауға шыққысы келмейтіні хақ.
   Ал егерде сол айдыннан абайсызда шығып қалсаң, өмірдің мәнін, сәнін жоғалтасың.
   Ендеше достар, осы бір ғажап керемет өмірдің сәнін келтіретін дүние – Махаббат үшін!




Аралас » Ғашығыма »