досымның 60 жасына - құттықтау
досымның 60 жасына
Өмір көшін біз бірге бастап едік,Қалыпсың сен де алпыс жасқа келіп.
Бұл күні аға болдық, ата болдық,
Киеміз кейде басқа әдемі бөрік.
Уақыт шіркін қырандай зулағанда
Сыймайтындай жүруші ек бұл ғаламда.
Жан досым, ол күндер қалды артта,
Жылжығанда білдірмей жылдар алға.
Азаматсың сен елің қадірлеген,
Әділеттің алдында сен бір берен.
Тура бидей сөз айтқан, тұрғыласым,
Ақиқаттың жолынан сені көрдім.
Аралас » Досыма »