Тірілдім Мағжан Жұмабаев - құттықтау
Тірілдім Мағжан Жұмабаев
ТірілдімСансыз күндер ой астына көмілдім,
Қор болып ем көңілін таппай көңілдің.
Жаспен жасып, оймен азып-тозып ем,
Өліп едім, бүгін тағы тірілдім.
Жаным өлік еді, жанға жан кірді,
Тамыр кеуіп еді, ыстық қан жүгірді.
Жиегінде қорғасындай көгімнің
Бүгін ғана бақыт таңы білінді.
Бүгін маған жұмаққа өмір жол болды,
Бүгін менің құшағымда Ол болды.
Оны құштым, шарап іштім, шат едім,
Бүгін менің құшағымда Гүл болды.
Бүгін менің құшағымда кім болды?
Бүгін менің құшағымда Гүл болды.
Бүгінгі түн маған алтын Күн еді,
Бүгін менің құшағымда Күн болды.
Өзім ғана білем қандай жан құштым,
Жер құшпадым, шаң құшпадым, таң құштым.
Жанды жуып, жүрегімді жаңалап,
Бүгінгі күн тән құшпадым, жан құштым.
Бүгінгі түн тән құшпадым, жан құштым,
Жанды құштым, таңды құштым, көкке ұштым.
«Сүйем!» - дейді бота көзі мөлдіреп,
Жасын төкті, жасын іштім, бал іштім.
Ғашығыма » Өлең - сөздің патшасы »