SMS хаттар - құттықтау

SMS хаттар

Қайырлы күн!
Арайлап таң атқанда,
күн шуағын шашқанда,
Күліп оян ұйқыңнан,
мем смс жазғанда.

  
Ғашықтығым күннен күнге артуда.
Көп көрмеймін қайта-қайта айтуды.
СМС-ке қара да ұқ жанымды.
Сол сөздерде бәрі-бәрі айтулы.


Қайырлы таң! Айтпақшы, бүгін 11-і екен ғой, осы СМС-ті 11 адамға жіберсе, ертең 12-сі болады (тексерілген).


Шарасызбын, мен енді не істей алам?
Өзіңді көргім келсе, қайда барам?
Телефоның тағы, міне, сөндірулі,
Хабарласа аламын қалай саған?


Қайырлы түн тілейінші мен саған. Көңіл-күйің түспесінші ешқашан. Әрбір күнің қуанышпен басталып, Сәттілікпен аяқталсын әрқашан!


       Уақыт шіркін зымырайды шақтары. Алдымызда ақ үмітпен атқалы. Жастық жігер, білімі бар, сөзге бай, Бозбала мен Бойжеткен ол күн мен ай, 1-2 ай сауық құрып күнде жай, сессияда ұйықтамаған күндер-ай. Ауыл, ақша, сабақ, сосын вечер-той, Өмір мәні махаббатқа жетер ме ой... Үлгеретін ал осының бәріне, СТУДЕНТТЕР мықты халық екен ғой.


       Бұл жалғанда, адамдар адал бола білейік. Махаббатқа әрдайым таза бола білейік. Өмір қысқа, сынағы көп, қызық қой! Сол өмірдің қызығын адалдықпен көрейік.


       Күн санаймын, сенсіз уақыт өтпейді, айдай жүзің көз алдымнан кетпейді. Бұл жалғанда қыздар көп қой не пайда? Еш біреуі жаным саған жетпейді.


       Өзіңді көруге мың барамын, Сезбедің бе жүректің сыздағанын? Қайдасың, сен жаным-ау, сағындым ғой? Осы өлеңді сені іздеп жолдағаным.


       Қайырлы түн! Әсем де, әсерлі, жаныңа жылы шуақ беретіндей, бақыт әлеміне бөленетіндей, ешқашан естен кетпейтіндей, ыстық махаббатқа толы түс көр!


       Қара көзің, қарасам кетті төзім, Мен өзіңе ғашықпын айтар сөзім, Кет дейсің бе, әлде сен кел дейсің бе? Менің сүйген бақытым сен дейсің бе? Не ойладың, берші тез жауабыңды, тауыспашы тек менің шыдамымды.


       Жыламасын жалғыздақтан жүрегің, Жұлдыздардан саған сәлем жібердім, тәтті ұйқының аясында тыныста, шын жүректен қайырлы түн тіледім....


       Жаным! Жаңа жыл саған бақыт-береке, ырыс-мереке, ойын-сауық, сковородкамен тауық әкелсін!


       Ащыны да, тәттіні де көріп тұрар, Сонда да жанарыңда бақыт тұрар. Бірде аш, бірде тоқ боп жүретұғын, Біз сияқты "студенттер" бақыттылар.


      Бүгін саған үш кісі барады. Тек ашуланба. Адресіңді мен бердім. Олар өмір бойы сенің қасыңда қалады. Олар: Денсаулық, Байлық, Махаббат.


      Жас жүректе асау сезім гүлдейді, Дәл сол кезде сүйгенін жиі іздейді, Шын сезімін жасырғысы келсе де, Амал қанша жүрекке әмір жүрмейді.


      Махаббат не білесіз бе? Мені шынымен сүйесіз бе? Жүрегімді сізге берсем, дақ түсірмей жүресіз бе?


      Әли! Мен сені сүйемін! Мен жай сүйем деген сөзіммен саған жүрегімдегі махаббатымды жеткізе алмаймын. Сен үшін дүниенің арғы шетіне де барамын! - деп Саятқа айта салшы менің атымнан.


       Қыз әкесіне - құндыз, шешесіне - жұлдыз, жездесіне - балдыз, жігітіне - жалғыз.


       Мені алып қашып кетті! Ауылдағы 86 жылғы бала. Енді не істеймін? Қала беретін шығармын. Хабарласшы! Көмектесші!..........- деп жазыпты, 49 жасар әйел күйеуіне.



SMS хаттар » Соңғы қосылған дүниелер »