Бектемірова Салтанат қосқан тілектер, өлеңдер - құттықтау

Бектемірова Салтанат қосқан тілектер, өлеңдер

Сағыныш
Сағындым сенің жанарыңды,
Тұңғиықтай мұңға батқан.
Сағындым сенің жан-әніңді,
Тыңдауменен арай атқан.
 
Сағындым сенің сөздеріңді,
Жаным, күнім, айым деген.
Сағындым сенің жылуыңды,
Көздерімнен нұр іздеген.
 
Сағындым сенің келбетіңді,
Үнсіз ғана жалбарынған.
Сендей адам жер бетінен
Іздеп табу қайда маған?
 
Сағындырмай келші жаным,
Кезейікші бақыт бағын.
Көз алдымды өртеп барад
Жүрегіңнен атқан жалын.


Жүрегімдегі көктем
Өксіп жүрек өртейді өз кеудесін,
Қайтсін енді тағдырынан безген соң.
Айтшы жаным, неге кеттік қиналып?
Бәлкім біздер жолықтық па кездейсоқ.
 
Жоқ, бақытым, олай емес, біз баста
Ғашықтар ек таң атқанша сырласқан.
Ессіз сүйдік еш нәрсеге мойымай,
Бізді аяп,жылайтұғын мұңды аспан.
 
Ал сен мені аяладың, аймаладың,
Сен қасымда жүрген соң қайғырмадым,
Пәк сезімді паналап, қамсынатын.
Сол күндерді білесің бе сағынамын.
 
Кешір жаным, жазылмайтын сырқаттымын,
Соны ойлап таппаймын бір сәт тыным.
Үмітсіз-ақ өмір сүрем тек сен болсаң,
Тек сен болсаң қасымда бақыттымын.
 
Жасырмаймын, киімімнің жамауы – сен,
Құмырасы көңілімнің – құмарым сен.
Өнеріңе таңым бар, қызығамын,
Қайта тусам сен болып жаралушы ем.
 
Жаралсам ғой, маған ғашық боларым хақ,
Қамалар ем сол жүрекке, орын сұрап.
Жаңа ғана өмір бастап, мен сүйген,
Неткен ғажап, бақыттысың! Арманың шақ!
 
Арманың шақ! Маған ғана жайған құшақ!
Бірақ байқа кетпесін қайғыңа ұқсап.
Таяқтың бір ұшына бақ ілінсе,
Екіншісі сол бақтағы дертің болмақ.
 
Не дегенмен бақыт, сірә, шектелмейді,
Оны мұңсыз ешкім де өткермейді.
Қайғы аралас шаттыққа мас жүректердің,
Жақұт іздеп жыр жазуын «көктем» дейді.
 

Қыз ойы
Түсінбедім өмірдің тылсым сырын,
Кімге барып, кімге айтам көңіл мұңын.
Жұлдыздардың тамашалап аппақ нұрын,
Айдындағы аққудайын жалғыз жүрмін,
Ай жүзінен жыр түзіліп, самал ессе,
Таңғы шықтай ақ тамшыдан моншақ терем,
Неге сонша егіліп жылай берем,
Бағым, сорым – қайсысын сағым дер ем.
Шын ғашықтар сағынудан шаршамайды,
Шын асықтар мәңгі бірге бола алмайды –
Мұның бәрі жүрегімді жаралайды,
Бірақ та мен сенсіз өмір сүре алмаймын.
Сенсіз жаным солған гүлмін тасты жарған, Сондықтан да сенің бағың – маған арман.
Бір сен үшін құлар едім биік жардан,
Бірақ бірге, өйткені өмір қалар жалған.
 

Сүйем сені
Сүйем сенің шығанақтай көзіңді,
Сүйем сенің нұрға біткен жүзіңді,
Сүйем сенің мінезіңді төзімді,
Төзіміңнен үзіп сабыр берсең ғой.
 
Сүйем сенің езуге мас ерніңді,
Сүйем сенің жүзден өткір тісіңді,
Сүйем сенің ынтықтырар иісіңді,
Сол иістіжелдей есіп жүрсем ғой.
 
Сүйем сенің шабытыңды бүрмелі,
Сүйем сенің тамағыңдағы меңді,
Сүйем сенің ерекше жүрегіңді,
Сол жүрекке тамырыңмен жетсем ғой.
 
Сүйем сенің жотадай кең кеудеңді,
Сүйем сенің діңгектей тік желкеңді,
Сүйем сенің шыңдай биік еңсеңді,
Сол еңсеңнен құлап жерге өлсем ғой.
 

Өзіңсің
Нұрымен арбайтын,
Тек менің күнімсің.
Қасымнан қалмайтын,
Көлеңкем өзіңсің.
 
Гүлімен жаулайтын,
Көктемгі әнімсің.
Көңілде қаулайтын
Махаббат бағымсың.
 
Жаныма нәр берген
Тек сенің азығың.
Жүректі өртенген
Өтемес жазығың.
 
Сен менің бақытым,
Сен менің жырымсың,
Мәңгілік жақұтым –
Сый толған сырымсың.
 
Арманым көктегі,
Жанымның көктемі –
Өзіңсің, өзіңсің
Сыңарым тек менің.
 

Бақытым
Сен кей кезде аспандайсың жерге төнген,
Кіршіксіз сыз кеудеме көмкерілген.
Сен кей кезде қатты тассың сыр бермейтін, Жылымайсың, жыласам да келіп көктен.
 
Сен кей кезде бұлақтайсың бастауы бар,
Сыңғырлаған нәзік үнді әнге құмар.
Сен кей кезде аққудайсың айдындағы,
Жүзіп баяу, жүргендейсің іздеп сыңар.
 
Өзің түгіл танымаймын кейде өзімді,
Сені көріп жүрек т ынып, тілім сынды.
Сүйем сені, мейлі тас бол, тасжүрек бол, Сендей бақыт көрмеппін бұрын-соңды.
 

Сағыну
Күнім-ау, жарығысың жүрегімнің,
Күңіренсем жаныңмен жылай білдің.
Күн сайын Жаратқанға жалбарынам,
Шешілсе деп сұрақтары бұл өмірдің.
Сен жайлы түс көрем де, жылап тұрам,
Бар қайғым – жүрегіңде жырақтаған.
Саз-сағыныш өзегімді құрыптады-ау,
Қайтсем екен күдігіміді шырақтанған.
Сенен мәңгі көз жазып қалғанымда,
Сөнер еді бәрі де, арманым да.
Мен қорқамын аз ғана алшақ кетсең,
Бөтен жанның түсем бе деп қармағына.
Өз түсіме өзім жалғап үмітімді,
Сені ойлаумен өткізем күн-түнімді.
Бүгін тағы армандадым атар таңды,
Бір сәтке ысырып бар күдігімді.
 

Арманым
Арманым –
Адам болсам ар сүйетін,
Алла деп бастайтұғын әр ниетін.
 
Арманым –
Әйел болсам – «Ана» кейпім,
Шаттық құрып, ботақанын әлдилейтін.
 
Арманым –
Адал болсам ақ сөйлейтін,
Қызметі үшін еңбектеніп, ерінбейтін.
 
Иншалла,
Үш арманым орындалса,
Тағдырыма ризамын «өмір» дейтін!
 
Айнасыз әлем, жұмыр Жер
Айналмас Күнді бекерге,
Аймалап Ай да серігін,
Аялдап қалмас бір дем де.
Аспандағы жұлдыздар
Атар ма күндіз кеудемде?
Аллаға мадақ! Сауал бар:
Арманым аңыз, жетем бе?
Аялап өтем ән-жырды,
Айырбас етпен бөтенге,
Сүйем деп соққан өзіңді
Жүрекке әмір етем бе?

Ғашығыма » Соңғы қосылған дүниелер »