анамыздың 60 жылдығына - құттықтау
анамыздың 60 жылдығына
Баршамызға бақытты өмір беріп,Бойымызға орнаттың сенім берік.
Қашан болсын орын ап төрімізден
Отыра бер көркейіп, көңілденіп.
Көсегеміз көгеріп бір өзіңмен,
Жылылықты сеземіз гүл өңіңнен.
Отбасыңа мейірбан бола білдің,
Нұр сәулелі нәп-нәзік жүрегіңмен.
Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз,
Сіз бар кезде асқармен теңесеміз.
Алшаң басып жүре бер арамызда,
Тарқамасын әрдайым берекеңіз.
бір отбасының береке-бірлігін кіргізіп отырған ана,
еріңіздің абыройына абырой қосып отырған асыл жар,
Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан – ана, өзіңе арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, тұмсықтыға шоқтырмай, осы күнге жеткізгенің үшін алдыңда мәңгі қарыздармыз. Мейірім мен махаббаттан жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла бойымызды жылытқан ыстық алақаныңыздан, айналайын деп маңдайымыздан емірене сүйіп, еркелеткен үніңізден артық біз үшін ешнәрсе жоқ. Анашым, жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз.
Туыстарға » Анама »