жеңешеме - құттықтау

жеңешеме

Нәзіктік   бойыңызға жарасқандай,
Бикештер өзіңізбен таласқандай.
Келбет пен жан сұлулық қатар келіп,
Тәңірім барын сала қарасқандай.
 
Жанары  төгетұғын ерекше нұр,
Жеңгейге арналады  бөлекше жыр.
Бүгінгі туған күнің  құтты болсын!
Құлпырып шыға келші белеске бір!
 
Жыл сайын қуанышқа бөленіңіз,
Бақытқа отбасылық кенеліңіз!
Жұмыста еңбегіңіз бағаланып,
Шаттықта, қуанышқа кенеліңіз!
 


Қадірлі жеңгей!
 
Сізді адам өмірінің айтулы белесі 60 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер өз замандарыңызда елге, халыққа қызмет еткен, ұрпақ өсірген буынсыздар. Енді соның жемісін –бейнеттің зейнетін көрер кез келді. Бұл әркімнің-ақ қызығар тойы. Үлкені бар үйдің құты бар. Біздің қадірменді Жеңгеміз ретінде Өзіңізді ортамыздың құты, ағайынның ырысы, бала-шағаның берекесі деп білеміз. Үлкені бар елдің қазынасы бар деп бекер айтылмаған. Сізге әрқашанда зор денсаулық, ұзақ жас, өмірдің, ұрпақтың қызығын көре беруді тілейміз.
 



Туыстарға » Жеңге-қайындарға »