Арулар - құттықтау
Арулар
Мұқағали МақатаевАрулар – асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Қуат боп тасынғандар,
Құшақ боп ашылғандар.
Арулар – асыл жандар!
Арулар – асыл жарлар!
Арулар - әрбір үйдің шаңырағы,
Әрбір үйге от болып жағылады.
Әрбір үйде таң болып атты дағы,
Әрбір үйге сәуле боп жамырады.
Жимайды-ау бір шашылған шуақтарын,
Саясына келеді-ау шуақтағың.
Жамандыққа қиярсың қалай ғана,
Жайнаған бір-бір үйдің шырақтарын.
Арулар – асыл жарлар, сағыныштар,
Өтініштер, құшақтар, жалыныштар...
Жек көрсе олар, жүрегін мұз жасайды,
Жақсы көрсе, балқытып, жанына ұстар.
Арулар – аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.
Жарыма » Өлең - сөздің патшасы »