Ұлымның мүшел жасына - құттықтау

Ұлымның мүшел жасына

Туғанда қуантқан ұлым мынау,
Бір мүшелді өткізген құлыным-ау,
Әкеңде арман бар ма, көрсе егер
Келешекте көрсетер қызығыңды-ау!
 
Сабағыңды жақсы оқып, оқуға түс,
Келешекте бір маманның иесі бол.
Еңбекті сүй, күшіңді бағалай біл,
Дүниеден алатын сыбағаң мол.
 


 
Тілерім енді менің жалғызыма,
Сәлем бермей өсірген хан қызына.
Немеремді  иіскеп кетсем, шіркін,
Арманым жоқ дүние базарында.
 




Туыстарға » Балама »