анаға тілек - құттықтау
анаға тілек
Қымбатты мама!Бұл күнде сізге перзенттік махаббатымыз жүрек түпкірінде әрдайым тербетіп жүретін ең ізгі де ыстық сезімімізді білдіргіміз келеді. Тағдырдың жазуымен бұйырған бес тал гүліңізді бір өзіңіз аялап, бізді жеткізсем деп талай күндеріңіз бен түндеріңізді күлкісіз де ұйқысыз өткізгеніңіздің қандайлық азап екенін алдымыз балалы болып, соңымыз сізге күйеу бала мен немере қуанышын сыйласақ деген ойда жүргенде жете түсінгендейміз. Содан да болар, жан-жаққа тарап кетсек те есіл-дертіміз өзіңіз жылытып отырған алтын ұямызда, «алтындарымның бірі келіп қалар ма екен», деп үлкен жолға үнемі көз тігіп жүретін өзіңізде. Торыққанда – ақылшымыз, жабыққанда – сағынышымыз, өзіңізсіз. Мынау өмір сіз арқылы қызық, мағыналы, қымбат. Құдай сізге алдағы кезде тек бақытты ғұмырын бергей.
Әлпештеген, аялап асыраған,
Аяулы ана, ақ ниет асыл адам.
Ұрпақ үшін тірлікке нұрын төккен,
Қиын-қыстау күнде де жасымаған.
Сыздағасыз,
Сан рет мұздағасыз,
Шәкіртке де,
Бізге де ізгі анасыз.
Бағымыздың бұлбұлын сайрататын,
Жанымыздың жайлауы Сіз ғанасыз.
Лаулаймыз да, Сіз барда жанамыз да,
Қосып сізді сан әнге, сан аңызға.
Аялаған аққуын айдындай боп
Асыл Ана, жүре бер арамызда!
Туыстарға » Анама »