Кемел Кеніштің Анаға арнаған тілектері - құттықтау

Кемел Кеніштің Анаға арнаған тілектері

Перзентке жұмсаған бұла күшін,
Ана – ырыс, бақ – дәулет,
Жұбанышың.
Көкбөрінің тегінен тарағандар,
Құтты болсын бүгінгі қуанышың!
 
Тал бесікке тірлікті ілмектеген,
Мадақтауға Ананы тіл жетпеген.
Алатаудың шыңына ту тігеді,
Анасына той жасап, құрметтеген.


      Анаға арналған әндер, жырлар, ізгі тілектер, жылы лебіздер қаншама! Халық арасында «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген қанатты сөз бар.
 
   Ендеше Анаға арналған жырымыз, әніміз, тілегіміз ешқашан таусылмауға тиісті, таусылмайды да.
   Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Саған әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін!
   Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз!


   Бүкіл өмірін балаларына арнап, өмірлік серігіне адал жар, ардақты ана бола білген, бүгінде қызын -қияға, ұлын – ұяға қондырып, немерелерінің сүйікті Әжесі болып отырған асыл Анамыз, сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
   «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген сөз бар.
   Ардақты ана, сізге қажымас қайрат, зор денсаулық тілей отырып, айналаңызға шуағыңызды шашып ұзақ өмір сүріңіз демекпіз!



Туыстарға » Анама »