Кемел Кеніш Жарға тілек - құттықтау
Кемел Кеніш Жарға тілек
«Керегенің басында оймақ тұрар,Кедейшілік жігітке қой бақтырар.
Алған жары жігіттің жақсы болса,
Атын байлап алдында ойнап тұрар» -
Деп жырлайды бұл қазақ өлеңі,
Қара өлеңі – ақсақал көрегені.
Жарға теңеп жатады үйдің отын,
Жарға теңер төсек пен керегені.
Жарқыратып жүретін арман-арай,
Жырлар жазған жар жайлы толғап Абай!
Жары жақсы жігітке бақ қараған,
Шаруасы дөңгелеп алға қарай.
Жары жақсы жігіттің – аспаны ашық,
Әр күн оқыр қызықты дастан ашып!
Жақсы жары – жігіттің берекесі,
Күннен күнге көбейер достары асып.
Ана атын жүргендер жасап ұран,
Бұл сөзіме келтірмес аса күмән!
Бағы ашылған жігітке құдай берген,
Бағы ашылу – жігіттің қосағынан!
Жарың – жаның,
Жолдасың – алқаласың,
Тойлап жатыр сол бүгін орта жасын.
Жақсы жары – жігіттің алтын тәжі,
Басыңдағы базарың тарқалмасын!
Туыстарға » Жарыма »