Елу жасқа арналған құттықтау - құттықтау
Елу жасқа арналған құттықтау
Ұзақ жылдар бойы аралас-құралас болып жүрген адам туралы, ол адам жақын, сырлас досың болса, ол жөнінде ой білдіру, толғау айту әрі оңай, әрі қиын. Оның себептері де жоқ емес.Не жетсін бақ жұлдызы жағылғанға,
Бастауы берекенің табылғанға.
Биікте болсын әркез жұлдызың деп,
Тілейміз біздің бауыр ..... жанға!
Ауылға құт-береке орнағансын,
Ақтерек ардақтайды бел баласын.
Туыңды туған жерге тігіп едің,
Қыдыр-бақ қалай сені қолдамасын.
Қалдырып артта қалай қиындығың,
Ауылдың кәрі жасын сүйіндірдің.
Бірлікті, тірлікті де сақтаған ел
Шаттықтың шалқытады күйін бүгін.
Қоңыртөбе жағынан жел ескенде,
Есдәулет ақын рухы кеңескенде.
Елін жебеп жүргендей елестейді
Қараш батыр сонау бір белестерде.
Арналсын ...жанға ақ-адал күн,
Ер жасы елуіңде бағаландың.
Көркейіп Ақтерегің күннен-күнге,
Рухы қолдай берсін бабалардың.
Тұрғанда тағдыр-талай қыл ұшында,
Ауылдың қалдың сақтап тынысын да.
Жұртыңды жұмылдырып бір тілекке,
Таптың сен жұмысын да, ырысын да.
...жан, сүйіндірді нар талабың,
Халқыңның ақ алғысын арқаладың.
Жаныңның жақсылығы шуақ шашып,
Бөленсін бақыт-нұрға шартарабың.
Жан а ға, құтты болсын 50 жасың,
Әр уақытта домалап өрге тасың.
Үшеуімізді жақын тарттың бауырыңа,
Әрдайым аман болсын алтын басың.
Тілек еттім алғы күннің ажарын,
Сарқылмасын өмір-өзен базарың.
Абыройың арта түсіп үнемі,
Хақ-Тәңірі көрсетпесін азабын.
Қызық-шаттық жақсылықты көре бер,
Жұртшылықтың алғысын тек тере бер.
Беделің де артсын ылғи ортада,
Еңбегіңмен алда өсіп өне бер.
Құтты болсын 50 жасың белесің,
Барлық жаннан мақтау алып келесің.
Аман болып жасыңа жас қосылсын,
Алла жазса, талай тойды көресің.
Туған күнге тілектер » Парасат (49-61) »