Анаға, әжеге (маме, бабушке) – поздравления, стихи на казахском с переводом - құттықтау
Анаға, әжеге (маме, бабушке) – поздравления, стихи на казахском с переводом
Анаға арналған әндер, жырлар, ізгі тілектер, жылы лебіздер қаншама! Халық арасында "Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" деген қанатты сөз бар. Ендеше Анаға арналған жырымыз, әніміз, тілегіміз ешқашан таусылмауға тиісті, таусылмайды да.Сколько нежных слов, искренних пожеланий, песен и стихов посвящены матерям! В народе есть крылатые слова: «Мать одной рукой качает колыбель, другой весь мир». Поэтому никогда не кончатся наши пожелания, песни и стихи в честь наших матерей, они и не должны заканчиваться!
Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Саған әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз!
Милая моя мама, ищущая своё счастье и радость в проделках и забавах своих деток. Даже если я пожелаю тебе все лучшие пожелания на свете, это будет мало. Самое главное пусть бог пошлёт Вам доброго здравия! С лица никогда не уходит доброта, всегда излучайте свет, и пусть ваше материнское счастье никогда не иссякает!
Алтын әжем менің!
Тілеуімді тілеген, еркелігімді көтерген, мен ауырсам - жаны ауырған, көрмей қалса сағынған асыл әжетайым! Көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеудесі қазына, сөзі қасиетті ақ әжем менің! Нұрлы жүзіңе жарасқан ақ жаулығыңнан, немересін барлығынан артық жақсы көрген ыстық ықыласыңнаы айналдым!
Бар тәттіні аузыма тосып, бар жақсыны үстіме кигізіп, еркелетіп өсірген, қызық ертегісі мен ақыл-өсиетін құлағыма құюдан жалықпаған дана әжем менің. Әрқашан ортамызда осылай ұрпақтарыңның қызығына кенеліп жүре бер! Жасыңыз ұзақ болсын, ауырмаңыз!
Милая моя бабушка, всегда желает мне добра, терпит мое баловство, переживает, если я болею, и всегда по мне скучает. Моя бабушка добродушная, с открытым и добрым сердцем, с богатым внутренним миром и благородными помыслами. Твоему светлому образу очень идет твой белый платок, и ты всегда очень внимательна к своим любимым внукам и внучкам.
Бабушка моя, ты всегда отдавала мне все самое вкусное, одевала меня во все новое и хорошее, всегда меня баловала, рассказывала мне интересные сказки и не уставала учить меня уму-разуму. Радуясь своим потомствам, будь всегда среди нас. Живите долго, не болейте!
Әжетай! Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшымыз, шаңырағымыздың берекесін кіргізіп отырған асыл жан өзіңізсіз! Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мейіріміңізді төге жүріп күтіп-баптап өсірген ұл-қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір-бір шаңырақты құрап, өсіп-өнді – қара орманға айналды. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәнгі қарыздар. "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды" дейді. Алла сізге күш-қуат берсін! Ұл-қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз!
Бабулечка! Вы святыня нашей семьи, советница каждому из нас, именно вы создаете единство нашей семьи (шанырака)! Вы все делали для своих детей, воспитывали их, давали им свою любовь и доброту, без устали трудились, никому не давали в обиду. И сегодня каждый из них поднял свой шанырак, и ваша маленькая семья превратилась в большой лес. Именно поэтому ваши дети безмерно вам благодарны! Говорят, что «Человек, у которого есть мама, никогда не стареет». Дай Вам Бог сил и терпения. Среди своих сыновей и дочерей, внуков, внучек, правнуков и правнучек пусть всегда у вас на лице сияет солнечный свет, будьте всегда среди них в их радостные мгновения.
Бүкіл өмірін балаларына арнап, өмірлік серігіне адал жар, ардақты ана бола білген, бүгінде қызын - қияға, ұлын - ұяға қондырып, немерелерінің сүйікті Әжесі болып отырған асыл Анамыз, сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
"Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да қаызынан құтыла алмайсың» деген сөз бар.
Ардақты ана, сiзге қажымас қайрат, зор денсаулық тiлей отырып, айналаңызға шуағыңызды шашып ұзақ өмір сүріңіз демекпiз!
Вся жизнь была посвящена детям, своему очагу. Мать, которая взрастила дочерей и сыновей, сегодня находится на пьедестале почета!
Поздравляем вас, дорогая наша Мама
Даже если мать на спине отнесешь к Мекке не расплатишься долгами гласит народная мудрость. Это какой пик высоты нужен для матери от детей!
Дорогая наша мама, желаем вам долголетия.
Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім - өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан - МАМА, өзіңе арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, осы күнге жеткізгеніңіз үшін сіздің алдыңызда мәнгі қарыздармыз. Мейірім мен махаббатан жаралган кең жүрегіңізден, қызуы тұла - бойымызды жылытқан ыстық алақаныңздан, "айналайын" деп маңдайымыздан емірене сүйіп, еркелеткен мейірімді үніңіздең артық біз үшін ешнәрсе де жоқ, мама!..
Маматайым, езуіңіздегі күлкі, тіпті көзіңізден тамған әрбәр тамшы жас құаныш пен шаттықтан тамсын! Жүзіңізден шуақ кетпей біздің ортамызда күліп ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз, МАМА!
От всего сердца говорю самые теплые слова моей Маме. Ты нас родила, вскормила своим молоком, взрастила и мы, дети твои говорим большое спасибо и всегда перед тобой в долгу. Спасибо за твои мягкие ладони, которыми гладила нас по голове.
Спасибо за то, что нас ласкала как солнце землю. При солнышке светло, при матери тепло гласит народная мудрость. Дорогая ты наша.
Мама – даже если навернулись слезы на твои глаза, то пусть это будет слезами радости. Желаю долгой предолгой жизни на радость твоих детей.
Ақ айдынға салып бақыт кемесін,
Жарқын жүзбен қуанышпен келесің,
Құтты болсын жетпіс бесіңіз, әжетай,
Өзіңізді бір құдайым демесін.
Бәйтерексіз жапырығы жайқалған,
Барша жұртқа жақсылығын байқалған.
Есен болсын ұрпағынңыз көрінген.
Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен,
Бақ орнасын әрдайым басыңызға.
Жас қосылсын, әжетай, жасыңызға,
Амандықпен жетіңіз жүзге қарай!
Корабль счастья плывет
Встречаешь с улыбкой ты
Поздравляем вас миля бабушка с юбилеем
Боготворим вас.
Вы огромное дерево, раскидистой кроной
Много людей искусившее опору от вас
Пусть живут на радость твои потомки
Пусть будет счастье, радость
Пусть прибавятся года к годам.
Пусть доживешь до ста без старости.
Әжетай, нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз!
Мерекен ұзағына бола берсің,
Үй-ішің немере, шөбереге тола берсің!
Әжетай, мейірің көп таңдандырған,
Біз үшін қиындықтан шаршамаған.
Жылуын жүрегіңнің аямыдың,
Өзіңе борышы көп балалардың.
Бабушка, будь красивой
Радуйтесь от души
Трудом находя радость
Живи долго среди нас
Праздник твой пусть долго длится,
А дом полнится детьми детей твоих
Бабушка, ты очень добра
Ради нас не боялась ты трудностей.
Не жалела тепло своего сердца
Дети перед тобой в неотплатном долгу.
Журегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім - өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан - Ана(мама), өзіңе арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сут беріп, аялап өсіріп, осы кунге жеткізгеніңіз үшін сіздің алдыңызда мәңгі қарыздармыз.
Мейрім мен махаббатан жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла-бойымызды жылыткан ыстық алақаныңыздан? "айналайын" деп маңдайымыздан емірене сүйіп, еркелеткен мейірімді уніңізден артық біз ушін ешнәрсе де жоқ, ана(мама)!...
Маматайым(анатайым), езуіңіздегі кулкі, тіпті көзіңізден тамған әрбір тамшы жас қуаныш пен шаттықтан тамсын! Жүзіңізден шуақ кетпей біздің ортамызда куліп - ойнап, шатыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз, Мама(Ана)!
От всего сердца поздравляю самую дорогую, самую желанную – маму. Ты нас вскормила своим молоком, лелеяла нас и вырастила за это очень благодарны мы – дети твои и мы всегда в неотплатном долгу.
Твоя любовь мама, твое доброе открытое сердце до сих пор нас согревает, так живите долго-долго.
Мамочка когда смеешься ты мы радуемся, даже если слеза из глаз твоих потечет – пусть будет это только от радости. Живите на радость нам.
Ана деген киелі есім, Алла берген бар мәнін,
Күн шуағы төгілгендей мынау күні Алланың.
Бар бақытты өмір саған Ана берген әрдайым,
Барша Адамзат Аналарға басыңды ию- Аллаға!
Имя мама дано самим Богом.
Этот светлый, теплый день подарен Богом.
Этот счастливый миг жизни подарен маме
Все, кто склоняет голову перед мамой – это к Богу.
Анама »