Өз тілім /қосқан Ғабиден Қожахмет - құттықтау
Өз тілім /қосқан Ғабиден Қожахмет
Өз тілім Шексе де азап,жатса да ол көріп те мұң, Қасиетіне қашан да сеніпті елім. Өз тілімнің бағасын ұлық көрем, Өзге тілді емес ол кеміткенім. Ескі сөзден бабаның ұқ арманын, Ұлт боп сонда басыңда тұрар бағың. Домбыраны дастан қып өз тілінде, Ұлы Дала сөйлетті жырауларын. Қалдырып ел ұрпаққа нақылдарын, Баба тілі серпілтті ақын жанын. "Ерді намыс өлтірер" десе егер, Ұға білді сол сөздің батыр мәнін. Киелі сөз қашан да жұрт білер де, Намысты ерге тізесін бүктірер ме?! Өз тілінде қазақтың Қажымұқаны, "Әруақ!"-депті атой сап сырт кілемде. Тұрғанда жау басым боп жан-жағында, Дұшпаннан айласы асып қалғанында. Деп қалыпты Баукең де бір ұрыста: "Иә,бабам,әруағы қолдадың ба?!" Батырларға ел бас иген таңдай қағып, Өз тілінен күш алған қандай бақыт! Артқа тастап жылдарды тарих көші, Жаңарады қоғам да,самғайды уақыт. Жаңғырды жұрт,өткен шақ келмес бүгін, Кешіреді ел пенденің білместігін. Жылжығанмен алдыға заман көші, Ұлты барда қастерлі,өлмес тілім! Болсын десең қашан да ұлт бірлігі, Ұрпағыңа үйрет те,ұқтыр мұны. Өзге тілде емес қой,алдыменен, Өз тілінде айтылар ұлттың мұңы. Ән салуға өнерпаз асыққанда, Тіл рухы жатсыншы тасып қанда. Өз тілінде аймалап Ана ұлын, "Сүйем" десін сол тілде ғашықтар да! Көріп отын тарихтан сан бүліктің, "Азаттық!"-деп сонан соң жаңғырыппын. Өз тілінің болғаны қандай жақсы, Мекендеген жер бетін әрбір ұлттың! авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласысценарийлер » Ана тілім - айбыным! »