Балама тілек Тамада кітабынан - құттықтау

Балама тілек Тамада кітабынан

Бәсеке өмір дегенің,
Алды бол сол бір жарыстың.
Мәреден сені көрейін,
Туын тік, балам, намыстың.
 
Жақсыға көңіл марқайған,
Жұлдызға қолың соз, балам.
Суырыла озғын ортаңнан,
Сөнбес отың маздаған.
 
Көгере берсін көсегең,
Жабысқын арман жалына.
Құлының жақсы десе мен,
Биіктей түсем тағы да.
 
Үмітім сенсің ертеңгі,
Сенімнің жықпа жалауын.
Өмірдің өзі өлшеулі,
Байқап біл бәрін, қарағым.
 
Марқайсын ата-анаң да,
Мақтансын жолдас-жораң да.
Пайдаңды тигіз адамға,
Пайдаңды тигіз қоғамға.
 
Көктегі жасын тәрізді,
Жарқ ете білгін, ұқтың ба?
Тәлкекке салып әлсізді,
Бас иген өмір мықты ұлға.
 

Балама » Соңғы қосылған дүниелер »