Конституция - Ата Заң туралы өлең "Бас кітабым - бұлағым" - құттықтау
Конституция - Ата Заң туралы өлең "Бас кітабым - бұлағым"
Бас кітабым - бұлағым Төлқұжатым, бек мұратым Ата Заң,Бізге жеткен мұрадай боп атадан. Тәуке жазған Жеті жарғы бұлжымас, Бұйрық, үкім бабам берген батадан. Бұл даланың бұлтартпайтын заңы бар, Ол ақсақал, алқа билер, қазылар. Туғаны жоқ тура билер кесімгер, Шешімдері әділ жолдан табылар. Парламенті бұл даланың қыр басы, Қыр басында қарттың сұсты тұлғасы. Адам тұрмақ, тұсау ұрлау күйе боп, Жағылатын бір ауылға күнәсі. Қамшысымен тыйып, тежеп тентегін, Ентігін де басар есер, еркенің. Жесір дауы, туа қалса жер дауы, Бір қария-ақ жазар еді «дерт емін» Ата Заңым – бас кітабым, бұлағым, Ата Заңым – ар ожданым, тұрағым. Ата Заңым – шариғатым, шарттарым, Бағдар шамым, бойға қуат ұраным. Ынтымағын, татулығын, бірлігін, Атап өтер 30-ы бұл ұлы күн. Арқа сүйер Ата Заңым тұрғанда, Қазақстан өзіңменен Ұлымын, Қазақстан биік сенің тұғырың! Мақсат ҚАРҒАБАЙ. Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы.сценарийлер » Тәрбие сағаттарына материалдар »