Іздедім сені - құттықтау

Іздедім сені

ІЗДЕДІМ СЕНІ   Өлеңі - Нұфтолла Шәкеновтікі Әні – Мыңжасар Маңғытаевтікі   Іздедім сені, білмедім сені, Қайдасың, қалқам, қай жақта? Жаныммен құлап, қалдың-ау ұнап, Кез болып маған бей уақта.                  2 рет   Өкініш көміп, барады сөніп, Үміттің шоғы азайып. Өңім бе екен, түсім бе екен, Қапыда көрген ғажайып.                       2 рет   Көлеңкең көлбеп, көрінсе сен боп, Қуаныш етер мен пенде. Жалт етші дәтке, бір ғана сәтке, Суретің қалсын кеудемде.                    2 рет
Ән - көңілдің ажары » Той әндері »