Жаңа ән-2014/Мейрамбек Беспаев /Ғашықпын әнінің сөзі - құттықтау

Жаңа ән-2014/Мейрамбек Беспаев /Ғашықпын әнінің сөзі

Жаңа ән/Мейрамбек Бесбаев/ Ғашықпын   Жайнатқан көңілді  бір ғажап сезіммен, Бақытты болуды үйрендім өзіңмен. Өтерме ем сезбестен сезімнің барлығын Өзіңмен кездеспей қалғанда тағдырым...   Қайырмасы: Мен саған ғашықпын, Сен оны білгейсің. Сағынып асықтым, Қарсы алып күлгейсің. Махаббат бесігін тербетіп жүргейсің, Жүректің есігін қақпай-ақ кіргейсің. Тек қана айналма әніне өзгенің, Мен үшін айдан да әдемі көздерің. Бола алмай серік бір - арманым жоғалған, Сен болып келіп тұр қол жетпес сол арман.   Қайырмасы: Мен саған ғашықпын, Сен оны білгейсің. Сағынып асықтым, Қарсы алып күлгейсің. Махаббат бесігін тербетіп жүргейсің, Жүректің есігін қақпай-ақ кіргейсің.   әннің Ютубтағы сілтемесі https://www.youtube.com/watch?v=lfODxM03oDM
Ән - көңілдің ажары » Кейінгі жылдар әндері »