Сен арқылы айналды өмір жұмаққаБылдырлаған кіп-кі - құттықтау

Сен арқылы айналды өмір жұмаққаБылдырлаған кіп-кі

Сен арқылы айналды өмір жұмаққа

Былдырлаған кіп-кішкене балақан,

Жүрегімнен саған шуақ таратам.

Саған деген махабатты мендегі

Сезіне алмас бұл дүниеде жан адам.

Саған ермек бесіктегі сылдырмақ,

Маған өзің жыр оқисың былдырлап.

Мынау өмір айналды ма жұмаққа

Сыр айтады құс тілінде күмбір бақ.

Менің орта көңілімді толтырдың,

Менің орта өмірімді толтырдың.

Қайда кеткен бұл күндері таң қалам

Бір кездегі көңілдегі мол кірдің?

Сен арқылы айналды өмір жұмаққа,

Сенен балам, кете алмаймын жыраққа.

Сезінемін қайда жүрсем деміңді

Былдыр үнің естіледі құлаққа.

Содан кейін үйге қарай ұшамын,

Қуаныш пен шаттық толып құшағым.

Сен арқылы ғашық қылған дүниеге

Шүкір айтып Жаратқанға, құшамын.


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »