Жиырма бес - құттықтау

Жиырма бес

Жиырма бес деген – жалынды дәурен шырыны,

Жиырма бес деген – дүниенің дүрмек қызығы.

Бойдақтығың да қала алмас бойың тасалап,

Құрық боп түсер арудың бұлғақ бұрымы.

 

Жиырма бес деген – жөңкілген толқын, тәтті арман,

Өзіңді іздеу өркенді бұлақтардан.

Аңсатар кейде балалық кезең, бал сәтің,

Қолдарын бұлғап, қиырда қимай қап қойған.

 

Жиырма бес деген-жігітіңнің арқауы,

Алдағы күнді, асу мен шыңды аңсауы.

Сағынышың ол, қызға құштар, жырға әуес,

Буырқаныспен арайлап атар әр таңы.

 

Жиырма бес – қыран шығатын самғап шыңдарға,

Мойымас тіпті тосыннан келген сындарға.

Тербете білгін жердегі бақыт желкенін,

Жүректің отын ұсынып келер жылдарға.


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »